Футболдағы ХХІ ғасырдың ең жылдам хет-трик орындаушылары (видео)

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең жылдам хет-трик орындаушылары (видео)
Фото: eurosport.ru

Футболда бір ойында 3 гол соққан футболшыны – хет-трик авторы деп атайды. Тарихтағы ең жылдам хет-трик 90 секундта орындалған. Бұл рекордты «Росс Каунти» клубының ойыншысы Томас Росс тіркеген. Ал Гиннестің рекордтар кітабына 40 жыл өткеннен кейін ғана енген. Ал қазіргі таңда бұл рекордты жаңарту мүмкін емес секілді. Себебі, бүгінгі футболда гол соққан ойыншының қуанышын бөлісуге 1 минуттай уақыт өтеді.

Жақында ағылшындық «Саутгемптон» клубының жартылай қорғаушысы Садио Мане 2 минут 56 секундта хет-трик авторы атанып, ХХІ ғасырдың кезекті рекордын тіркеді. Сонымен қатар, ағылшын премьер-лигасындағы ең жылдам орындалған хет-трик ретінде есепке алынды. Бүгін ХХІ ғасырда тіркелген ең жылдам хет-трик орындаушыларының өнерін назарларыңызға ұсынамыз.

ХХІ ғасырдың ең жылдам хет-трик орындаушылары:

10. Робби Кин (Ирландия құрамасы, 2014 жыл) – 12 минут

9. Сейду Думбия («ЦСКА», 2011 жыл) – 10 минут

8. Педро («Барселона», 2013 жыл) – 9 минут

7. Криштиану Роналду («Реал», 2015 жыл) – 8 минут

6. Бафатемби Гомис («Лион», 2011 жыл) – 7 минут

5. Веллитон («Спартак Москва», 2010 жыл) – 6 минут

4. Давид Вилья («Валенсия», 2006 жыл) – 5 минут

3. Яго Аспас («Севилья», 2014 жыл) – 4 минут

2. Садио Мане («Саутгемптон», 2015 жыл) – 3 минут

1. Хамес Хайтер («Борнмут», 2004 жыл) – 2 минут

Ұқсас жазбалар

Футбол тарихындағы ең үздік пента-трик орындаушылары (видео)

Ө. Сансызбай