Айып добын шебер орындайтын футболшылар (видео)

Айып добын шебер орындайтын футболшылар (видео)

Футболда стандартты жағдайлар да гол соғуға көп септігін тигізіп жатады. Әсіресе, командада айып добын асқан шеберлікпен орындайтын ойыншы болғанда – нәтижеге жету оңайлау. Жанкүйерлерге айып добын үздік орындайтын ойыншы ретінде танылған теңбіл доп шеберлері де жетерлік. Назарларларыңызға ұсынғалы отырған бейнебаянда айып добын орындаудың хас шеберіне айналған футболшылардың үздік голдары топтастырылған. Сонымен қатар рейтингі түзілген. Рейтингке спорттық мансабын аяқтап үлгерген ойыншылар да енген. 

Айып добын үздік орындайтын футболшылар рейтингі:

10. Алессандро Дель Пьеро

9. Шунсуке Накамура

8. Рожерио Сени

7. Лионель Месси

6. Криштиану Роналду

5. Андреа Пирло

4. Роналдиньо

3. Роберто Карлос

2.  Дэвид Бекхэм 

1. Жуниньо Пернамбукано

Ал сіз үшін айып добын орындау шеберлігі жоғары ойыншы кім?

Cурет: footballtop.ru

Ө. Сансызбай