Мұз айдында қос клуб ойыншылары жаппай төбелесті (видео)

Мұз айдында қос клуб ойыншылары жаппай төбелесті (видео)

Ұлттық хоккей лигасының 1/8 финалының қарымта кездесуінде «Калгари Флэймс» пен «Ванкувер Кэнакс» командалары арасындағы кездесу жаппай төбелеске ұласты. Жанкүйерлер күтпеген оқиға ойын аяқталуға аз уақыт қалғанда орын алған.

Төбелес мұз айдын иелерінің шабуылшысы Брэндон Боллигті қарсылас команданың хоккейшісі ереже қарсы әдіспен тоқтатқаны үшін басталған. Нәтижесінде команда ойыншыларының жаппай төбелесуіне ұласқан. Төрешілер мұз айдындағы қос ұжым ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін 132 минут көлемінде айып уақытын белгіледі.

Кездесуде «Ванкувер Кэнакс» клуб 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ал бірінші ойында «Калгари Флэймстің» мерейік үстем болған еді. Қорытындысында екі кездесу нәтижесі бойынша есеп теңесті. 

Cурет: foxnews.com

Ө. Сансызбай