Туреано Джонсон: Монро, Головкиннен тірі қалсаң менімен жұдырықтас

Туреано Джонсон: Монро, Головкиннен тірі қалсаң менімен жұдырықтас

Багамның орта салмақтағы келешегі бар боксшысы Туреано Джонсон (18-1, 13 КО) WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы америкалық кіші Вилли Монроны жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz Tofight.ru порталына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

"Мен өтірік айтпаймын, НВО арнасы Джонсонның кандидатурасын оқшаулағаннан кейін Головкиннің лагері қарсылас ретінде мені таңдады", - деп жазды Монро Twitter желісінде.

Ал Джонсон: "Жоқ, өтірік айтасың! НВО бұл жекпе-жекке келісті. Головкин өзіне ғана мәлім себеп бойынша сені таңдады. Егер 16 мамырдан кейін тірі қалсаң - біз жұдырықтаса аламыз", - деп жауап берді.

Айта кетейік, қаңтарда Туреано Джонсон ең салмақты кездесулер үшін дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның жұдырықтасқысы келетін қарсыластарының қатарында Головкин де бар. Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Инглвудте (Калифорния штаты, АҚШ) былтыр жаңартылған 17 мың орындық The Forum аренасында өтеді.

сурет: tengrinews.kz

Е. Қайрахан