2014 жылы ең көп табыс тапқан бапкерлер

2014 жылы ең көп табыс тапқан бапкерлер

Француздың «France Football» басылымы 2014 жылы ең көп табысқа кенелген футболшылармен қатар бапкерлердің де рейтингін жариялады. Бұл тізімде лондондық «Челсиді» жаттықтырып жүрген Жозе Моуринью бірінші тұр.

«Ақсүйектерді» жаттықтыратын португалдық маманның 2014 жылғы табысы 18 миллион еуроны құраған. Екінші орыннан мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти (15,5 миллион еуро) көрінсе, үштікті мюнхендік «Бавария» бапкері Хосеп Гвардиола (15,2 миллион еуро) қорытындылап тұр.

2014 жылы ең көп табыс кенелген бапкерлер ондығы:

1. Жозе Моуринью («Челси») – 18 м
иллион еуро

2. Карло Анчелотти («Реал») – 15, 5 млн

3. Хосеп Гвардиола («Бавария») – 15,2 млн

4. Арсен Венгер («Арсенал») – 11,3 млн

5. Луи ван Гал («Манчестер Юнайтед») – 10 млн

6. Фабио Капелло (Ресей ұлттық құрамасы) – 9 млн 

7. Андре Виллаш-Боаш («Зенит») – 8,5 млн 

8. Свен-Еран Эрикссон («Шанхай») – 8 млн

9. Юрген Клопп («Боруссия», Дортмунд) – 7,2 млн

10. Лоран Блан («ПСЖ») және Дэвид Мойес («Реал Сосьедад») – 7 млн  

Сурет: eurosport.ru

Оқи отырыңыз

Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған

Бағы жанбай жүрген бапкерлер

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

Катар футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын қыста өткізетін болды

Ө. Сансызбай