Чилилік футболшы алаңға шыға сала жарақат алды (видео)

Чилилік футболшы алаңға шыға сала жарақат алды (видео)

Футболдан Чилидің «Сантьяго Уондерерс» клубының ойыншысы Марко Медель алаңға шыға салысымен жарақат алды. Бұл туралы The Daily Mail хабарлап отыр.

«Универсидад Де Консепсьон» клубына қарсы ойынның 55-ші минутында командаласын алмастырған Марко Медель ойынға араласқанына бес секунд өтпей жарақат алды. Ол бірден өзінің жарақат алғанын сезініп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде футболшы кездесуді жалғастыра алмаған. Дәрігерлердің айтуынша, футболшы алаңға беттеп жүгіріп бара жатқан бойда аяғының сіңірін созып алыпты.

Ал ойында клубтар есеп ашпай, тең тарқасты.  

Сурет: eurosport.ru

Оқи отырыңыз

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?

«Реалдың» Ди Марияны сатуының бір себебі айтылды

«Бавария» бапкері жол апатына ұшырады

Ө. Сансызбай