«Реал» 2014 жылы қанша табысқа кенелді?

«Реал» 2014 жылы қанша табысқа кенелді?

Мадридтік «Реал» футбол клубының 2014 жылы қанша табысқа кенелгені белгілі болды. Бұл туралы испандық «Marca» басылымы хабарлап отыр.

«Корольдік клуб» 2014 жылы Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы, Испания кубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, қаржы қорын айтарлықтай молайтып алған. Испандық басылым ақпараты бойынша, команда 2014 жылы 65 миллион евро табысқа кенеліпті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбі күні «Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Жеңімпаз ретінде команданың барлық ойыншысы 150 мың евро көлемінде сыйақы алған.  

Cурет: eurosport.ru

О. Сансызбай