Месси үйлену тойын өткізетін жер іздеп жүр

Месси үйлену тойын өткізетін жер іздеп жүр
Фото: FootballHD.ru

Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси жары Антонелло Ракуццо және ұлы Тьягомен Венецияға ат басын бұрды. Олар әлемдегі ең танымал әрі сұлу қаланы тамашалау үшін ғана емес, үйлену тойын өткізетін орынды да іздеп жүрген көрінеді.

Испандық басылымдар таратқан ақпарат бойынша, Лионель Месси үйлену тойын Венецияда өткізуі мүмкін екен. Футболшы осы уақытқа дейін шаңырақ көтергенімен, той салтанатын өткізбеген.

Лионель Месси мен Антонелло Ракуццо Аргентинаның Росарио қаласында туған. Бала кездерінен бір-бірін танитын жастар 2009 жылы отау құрған екен. 2012 жылы Тьяго атты ұлдары дүниеге келген.

Ө. Сансызбай