Қытайлықтар футболды мектептің міндетті пәндері қатарына қоспақ

 Қытайлықтар футболды мектептің міндетті пәндері қатарына қоспақ

«Аспан асты елі» футболды дамыту барысында сан жобаларды қолға алуда. Жақында ел президенті Си Цзиньпин футболды мектептің негізгі пәндері қатарына қосуға шешім шығарды.

2017 жылдан бастап футбол ойыны Қытай мектептерінің жалпы мектеп бағдарламаларына енеді. Ал ол уақытқа дейін елде 20 000 астам футбол алаңдарын салуды жоспарға қойған.

Қытай ұлттық құрамасының соңғы жылдардағы нәтижелері футбол жанкүйерлерінің көңілінен шығып жүрген жоқ. Қазіргі таңда қытайлықтар ФИФА-ның соңғы жаңарған рейтингінде 97-ші сатыға жайғасқан. Соңғы үш әлем чемпионатында іріктеу кезеңінен өте алмаған. Осының барлығын ескерген ел басшылығы жаңа жобаны қолға алуды ұйғарған көрінеді.

Сурет:vk.com

Ө. Сансызбай