Алексей Ни мен Илья Ильин биі жанкүйерлер қызығушылығын тудырды

Алексей Ни мен Илья Ильин биі жанкүйерлер қызығушылығын тудырды

Ғаламтор беттерінде ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни мен екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы атанған Илья Ильиннің қуаныштан би билеген сәттерінен бейнебаяндар пайда болды. Жанкүйерлер қызығушылығын тудырған бейнебаяндар қызу талқыланып жатыр.

Алексей Ни бейнебаянында Алматыда аяқталған әлем чемпионатында Зульфия Чиншанло әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқаннан кейін қуанышын ерекше тойлаған сәтінен көрініс баяндалған. Ал Илья Ильин бейнебаяны болса дүбірлі дода алдындағы жаттығуларының бірінде түсірілген көрінеді. 

Сурет:vk.com

Ө. Сансызбай