Бразилиялық клуб жанкүйерлеріне зират салып пайда таппақшы

Бразилиялық клуб жанкүйерлеріне зират салып пайда таппақшы

Бразилияның «Коринтианс» футбол клубы ерекше жобаны қолға алып отыр. Команда нағыз айнымас жанкүйерлеріне арнап зират салу жұмыстарын бастап кетіпті.

Зират клубтың түскен қаржысына салынып жатыр. Бірақ, ойлап қарасаңыз, «Коринтианс мәңгілік» деп аталатын жоба жанкүйерлеріне құрмет ретінде ғана емес, клуб қазынасына пайда түсіру үшін де қолға алынып отырғаны мәлім. Өйткені, Сан-Паулудан 40 шақырым аймақта орналасқан зират үш бөлікке бөлінген. Әр бөлік аймағына қарай құны да белгіленген. Ортаңғы бөлігі ең қымбаты саналуда. Тағы бір айта кететіні, 402 мың квадрат метр аймақты алып жатқан зират футбол алаңына ұқсатып салынбақ. «Коринтианс» зиратына 70 мың адам жерленеді деп жоспарланған. 

Сурет: chto-proishodit.ru

Ө. Сансызбай