Роналдудың сүйіктісі жүргізуші сөзін жақтырмай қалды

Роналдудың сүйіктісі жүргізуші сөзін жақтырмай қалды

Жақында футболдан Испания примерасының 2013/2014 жылғы маусымдағы үздіктері анықталған болатын. Сол кешке Криштиану Роналду сүйіктісі Иринамен келген еді. Футболшының кезекті марапатының алдында жүргізуші португалдық футболшы тарапына әзіл арнаған-ды. Ал ол айтылған сөзге Ирина Шейк жақтырмаған кейіп танытты.

Жүргізуші болса, «мен бір қызық айта кетейін. Осыған дейін іш киімдегі шымыр денелі, балауызбен майланған өзге ер жігітті көрмеген едім» - деп әзілдеген. Ал футболшы сүйіктісі жүзінен жақтырмағандық немесе түсінбегендік сыңайды байқауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Криштиану Роналду сол кеште Испания примерасының үздік футболшысы мен шабуылшысы, және ең әдемі соғылған голдың авторы атанған-ды.

Сурет: fcabianari.ir

Ө. Сансызбай