Испания құрамасы Италияны пенальтиден жеңіп, финалға шықты

Испания құрамасы Италияны пенальтиден жеңіп, финалға шықты

Конфедерация Кубогінің екінші жартылай финалдық кездесуінде  Испания құрамасы итальяндық футболшыларынан басым түсті. Соңғы Әлем және Еуропа чемпиондары өз қарсыластарын матч соңында болған сериялық пенальти арқылы жеңді (7:6).

Кездесудің негізгі уақытысы 0:0 есебімен аяқталды. Сериялық пенальтиде  мүлт кеткен жалғыз ойыншы - Италия құрамасының футболшысы Леонардо Бонуччи.

Айта кетсек, енді финалда Испания құрлықаралық жарыстың иелеріне қарсы ойнайтын болады. Бразилия 27 күні уругвайлықтарды 2:1 есебімен жеңген еді. Конфедерация Кубогінің финалы 30 маусым күні өтеді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru

Ж. FM