Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Йохан Кройф: «Барселонаға Неймар келісімен Мессиді сатып жіберу керек»

Йохан Кройф: «Барселонаға Неймар келісімен Мессиді сатып жіберу керек»

Йохан Кройф: «Барселонаға Неймар келісімен Мессиді сатып жіберу керек»

"Барселона" клубының тірі аңыз футболшысы және үш дүркін "Алтын доп" жүлдесінің иегері Йохан Кройф каталониялық клуб басшылығына Неймар келісімен әлемнің үздік ойыншысы Мессиді сатып жіберу мәселесін ойлану керек екендігін мәлімдеді. 

Атақты голландиялық футбол ардагерінің сөзінше, алаңдағы, оның үстіне шабуылдағы екі жұлдыз ойыншының бір жерде ойнауы өзара үлкен түсініспеушілік тудыруы әбден ықтимал екен. 

Marca басылымына берген сұхбатында ол былай деп мәлімдеді: "Клубта Неймардың пайда болуымен мен Мессиді сатып жіберу мәселесіне ойланар едім. Менің бұл ойыма кейбіреулер келіссе, біреулер келіспесі анық. Әдетте жоғары кластағы ойыншылардың бір алаңда, оның ішінде шабуылда тізе қосып ойнау жағдайы некен-саяқ. Осыған дейін көптеген клубтар осындай мәселеге тап болған еді. Сондықтан бразилиялық ойыншының келуі - үлкен қиындықтар туғызуы әбден мүмкін. Мысалы, стандартты жағдайларды алайық: Неймар айып добын орындаудың нағыз шебері. Сонымен бірге команда құрамында Месси де оны жаман теппейтінін көрсетті. Енді осы жағдайда айып добын кімге сеніп тапсыра аласыз? Кім мықты? Одан бөлек, Неймар "Барса" сияқты Nike-пен келісімі болса, Месси Adidas-пен тығыз байланыста. Осы жағдайларды есепке алсақ, қиындықтар болатын сияқты. Ал мен өз кезегімде ондай кикілжің тудыратын жағдайларға бармас едім". 

Бұл жағдайлардан бөлек, Кройф Неймарға дейінгі жарық жұлдыздардың да Мессидің көлеңкесінде қалып қойған кездерін еске сала кетті: "Мессидің Ибрагимовичпен, Вильямен, Кркичпен немесе ЭтоОмен болған кикілжіңі Неймар екеуінің арасында да орын алуы мүмкін. Егер осы жағдай қайталанса, онда Мессидің диктатор екендігін айтқым келеді. Өзіңіз ойлап көріңіз, әр ойында сіз мықты ойын өрнегін көрсеткіңіз келеді. Ол кезде сіздің диктатор болуыңыз заңды. Себебі сіз тек командаға емес, сонымен бірге өзіңіздің имиджіңіз үшін де ойнайсыз. Стадионға көпшілік халық Мессидің орындауындағы кезекті сиқырды көру үшін келеді. Бұл да өз кезегінде ойыншы үшін қысым және үлкен жауапкершілік. Ал команда ұтылып жатса, ең бірінші соққы Мессиге тиетінін де білейік. Сондықтан Неймардың келуі - үлкен тәуекелді іс. Ал мен ондай келісімге бармас едім". 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net

372 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 25 маусым 2013, 21:20
Пікірлер
+0
26 маусым 2013, 13:12

Месси Барселонаның символы, Хави Иньеста Месси барсаның үздіктері. Неймардың келуімен 2 - 4 - 4 пен ойнайтын шығар.

+0
02 шілде 2013, 14:30

Йохан Кройф озинин рекордын бузган Мессиди коре алмай жаткандай ма,калай ози?
Кайта 2 мыкты шабуылшы ойынды жандандыра туседи
Месси Роналду секилди жулдыз болуга кумар емес

+0
26 маусым 2013, 22:27

Сәтәлмәйді

+0
27 маусым 2013, 00:44

Қуама,Неймар кім сондай,Мессисіз Барса бір аяғы жоқ адам сияқты,Месси болмаса ойнай алмайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...