Анчелотти "Реал" бапкері ретінде жылына 8 млн. еуро алатын болды

Анчелотти "Реал" бапкері ретінде жылына 8 млн. еуро алатын болды

"Пари Сен-Жермен" футбол клубының бас бапкері итальяндық Карло Анчелотти мадридтік "Реал" клубына ауысқан жағдайда жылына 7-8 миллион еуро қаржы табатын болады, деп хабарлайды Le Parisien. 

54 жасар итальяндықпен Реал арасындағы ресми келісімшарт Испаниядағы салық заңы өзгертілгеннен кейін (52-ден 24 пайызға дейін) 2 шілдеден соң жасалады деп күтілуде. 

Осыған дейін итальяндықтың "Реалдағы" жалақасы экс-бапкер, қазір "Челси" тізгінін ұстаған Жозе Моуриньюдікіндей (жылына 14 миллион еуро) болады деп хабарланған болатын. Ал Анчелотти қазір Парижде жылына 12 миллион еуро тауып отыр. 

Естеріңізге салсақ, "ПСЖ" жақында Францияның бұрынғы жаттықтырушысы Лоран Бланды бас бапкер етіп тағайындайтынын айтқан болатын. 41 жасар француздық маман ПСЖ клубымен "1+1" сызбасымен екі жылдық келісімге отырады деп күтілуде. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ru.uefa.com

Б. Қосмағамбет