Испания құрамасы Таитидің тас-талқанын шығарды (Видео)

Испания құрамасы Таитидің тас-талқанын шығарды (Видео)

Бразилия елінде Конфедерация Кубогінің топтық кезеңінің екінші туры өтуде.

В тобындағы төрттікте Испания құрамасы Таити командасын 10-0 есебімен тас-талқанын шығарды. Жеңімпаздар құрамынан бірден төрт голдың авторы шабуылшы Фернандо Торрес атанса, Давид Вилья хет-трик жасады. Бұған қоса Давид Сильва екі рет көзге түсті және Хуан Мата еншісіне гол жазды. Айта кетсек, Торрес екінші таймда төрешінің Таити қақпасына белгілеген 11 метрлік айып добын өз пайдасына шеше алмай, бесінші голдың авторы атану мүмкіндігін жіберіп алды.

Испания құрамасының осы бір жеңісі, Конфедерация Кубогі тарихына ең ірі жеңіс ретінде жазылды.

Осылайша, Испания құрамасы аталған жарыста қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, 6 ұпайды еншіледі. Ал Таитиде екі кездесуден соң әлі де еш ұпай жоқ.  Бір ойыннан соң үш ұпайды иеленген Нигерия құрамасы бүгін, нақтырақ айтар болсақ, 21 күні, Астана уақытымен сағат 04:00-де еш ұпайы жоқ Уругвай командасымен күш сынасатын болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rambler.ru

Ж. FM