Футболшылар жейдесіне мини-камералар орнатылуы мүмкін

Футболшылар жейдесіне мини-камералар орнатылуы мүмкін

Итальяндық телевизиялық компаниялар футболшылардың жейдесіне бекітілетін мини-камераларды сынақтан өткізу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Италия футболшылары Ассоциациясы президентінің сөзіне сілтеме жасаған «Р-Спорт».  

Мұндай экспериментті көрермендерге алаңдағы оқиғаны жақыннан таныстыру үшін Sky Sport Italia компаниясы ойлап тапқан екен.

«Миниатюралық камералар жөніндегі идея жанкүйерлерге ойын ішінде жүргендей әсер беретіні анық. Мен олардың жасап жатқан жұмыстары жөнінде хабардармын. Алайда оның шынымен де іске асу мүмкіндігін нақты айта алмаймын. Себебі футболда жаңа технологияларға қатысты қатаң ережелер бар. Сондай-ақ оның ойын нәтижесі мен футболшыларға да кері әсері болмауы тиіс»,-дейді президент Томмази.

Егер бұл жүйе жүзеге асып жатса, онда оның пайдалы жақтары да жоқ емес. Себебі футболшы жейдесіне жапсырылған камера ойыншылардың ойын ережесін бұзумен байланысты туған даулы жағдайларда шешуші рөл атқаруы мүмкін. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет