Бүгін Бразилияда Конфедерация Кубогы басталады

Бүгін Бразилияда Конфедерация Кубогы басталады

Бүгін, яғни 15 маусым күні Бразилияда футболдан тоғызыншы Конфедерация Кубогі басталады. Жарыстың бас жүлдесін иеленуге сегіз ұлттық құрама өзара күш сынасатын болады. Ақтық кездесу 1 шілде күні 2014 жылғы әлем чемпионатына орай қайта жөндеуден өткен Рио-де-Жанейроның «Маракана» стадионында өтеді.

Тарих

Конфедерация Кубогін өткізу идеясы 1992 және 1995 жылдары Сауд Арабиясында ұлттық құрамалар қатысқан «Фахд королі кубогі» жарысынан соң туды. 1997 жылы ФИФА  алғашқы ресми Конфедерация Кубогін ұйымдастыру және оны әр екі жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдады. Ал 2004 жылдан бастап әр төрт жыл сайын әлем чемпионатын өткізу құқығына ие мемлекетте өткізіле бастады.

Жүлдегерлер тізімі

1992 жыл. 1. Аргентина. 2. Сауд Арабиясы. 3. АҚШ.

1995 жыл. 1. Дания. 2. Аргентина. 3. Мексика.

1997 жыл. 1. Бразилия. 2. Аустралия. 3. Чехия.

1999 жыл. 1. Мексика. 2. Бразилия. 3. АҚШ.

2001 жыл. 1. Франция. 2. Жапония. 3. Аустралия.

2003 жыл. 1. Франция. 2. Камерун. 3. Туркия.

2005 жыл. 1. Бразилия. 2. Аргентина. 3. Германия.

2009 жыл. 1. Бразилия. 2. АҚШ. 3. Испания.

Қатысушылар құрамы

Конфедерация Кубогіне алты құрлықтың жеңімпаздары мен соңғы әлем чемпионы және жарыс иесі қатысады. Егер, қандай бір құрама әлем чемпионы сондай-ақ, құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы болған жағдайда, жарысқа қатысуға құрлықтық чемпионаттың финалисті шақырылады.

2013 жылғы Конфедерация Кубогына қатысушылар құрамы осы ережеге сәйкес анықталды. Жарысқа 2014 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушы әрі аталған біріншілік иесі - Бразилия құрамасы, әлем чемпионатының соңғы жеңімпазы – Испания құрамасы, КОНКАКАФ Алтын Кубок иегері – Мексика, Америка Кубогы жеңімпазы – Уругвай құрамасы, Азия Кубогы жеңімпазы – Жапония, Африка Кубогының жеңімпазы – Нигерия құрамасы, Океания елдері Кубогы иегері – Таити және де Еуропа чемпионатының финалисті – Италия құрама командалары қатысады.

Топтар құрамы

А тобы. Бразилия, Жапония, Мексика, Италия.

Б тобы. Испания, Уругвай, Таити, Нигерия.

Айта кетсек, 16 маусым күні Астана уақытымен сағат 01:00 де Бразилия мен Жапония арасындағы кездесу өтеді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: facebook.com 

Ж. FM