Жозе Моуриньо "Челсиге" оралды

Жозе Моуриньо "Челсиге" оралды

Премьер-Лиганың ресми веб-сайты, Жозе Моуриньонің «Челсиге» қайта келуге келісімін бергенін және өзінің бұрынғы клубымен келісім-шарт мәселесін шешіп қойғандығы жайлы хабарлайды.

Португалдық маман «көктерді» алғаш рет 2004 жылдың маусым айынан бастап басқарды, бірақ 2007 жылдың қыркүйегінде (осы уақытқа дейін екі рет Премьер-Лига чемпионы атанып үлгерді) «Стэмфорд Бриджден кеткен болатын. Бұдан кейін «Интер» мен «Реал» командаларының бас бапкері қызметінде жұмыс атқарды.

Қазір, алты жыл өте, Жозе «Челсиге» оралу шешімін қабылдап отыр. 50 жастағы португалдық маманның бас бапкер қызметіне тағайындалуы алдағы дүйсенбі күні ресми түрде расталады деп күтілуде.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport-xl.net

А. Құлтай