Вальдес пен Фалькао "Монакоға" ауыспақ

Вальдес пен Фалькао "Монакоға" ауыспақ

Мадридтік «Атлетико» клубының шабуылшысы Радамель Фалькао мен каталониялық «Барселона» клубының қақпашысы Виктор Вальдес Францияның жоғары лигасына кірген «Монако» клубына ауысуға жақын.

Футболшылар дүйсенбі, 27 мамыр күні князьдікке келісім-шарттарды талқылауға келді. Сейсенбі бүгін олар медициналық тексеріспен өтіп, барлығы жақсы болса келісім-шартқа отырмақ. Бұл туралы AFP хабарлайды.

Ресейлік бизнесмен Дмитрий Рыболовлев басқаратын «Монако» аталған ойыншылардың трансфері үшін 70 миллион еуроға (60 миллион Фалькаоға, 10 миллион Вальдеске) шығындалмақ.  

Осылайша, Фалькао мен Вальдес «Монаконың» екінші жұлдызды жұбы атанды. Оларға дейін француздық клубқа «Портудың» жартылай қорғаушылары Хамес Родригес пен Жоау Моутинью 70 миллион еуроға ауысқан еді. Ал Дмитрий Рыболовлев болса биылғы маусымда клуб үшін 200 миллион еуроға шығындалуға дайын екенін айтқан еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет