Роберт Левандовский «Баварияға» ауысады

Роберт Левандовский «Баварияға» ауысады

Дортмундтық «Боруссия» командасының шабуылшысы Роберт Левандовский жуық арада мюнхэндік «Бавария» клубына ауысады. Бұл туралы ойыншының жеке агенті Цезари Кухарски хабарлайды.

Цезари Кухарски мәліметі бойынша, бүгінде қос команда тарапы ойыншының команда ауыстыруы туралы келісімге келген екен. Ал ресми түрде Левандовскийдің «Баварияға» өтетіндігі туралы ақпарат осы аптаның аяғында жарияланады.

Егер де, Робер шын мәнінде «Баварияның» қатарына қосылып жатса, онда дортмундықтар өздерінің екінші көшбасшы ойыншысынан айырылады. Естеріңізде болса, сәуір айында Юген Клоптың командасынан Мюнхэнге Марио Гетце ауысқан еді.  Ол кезде дортмуындықтар Марио үшін 37 миллион еуро алған. Ал Левандовский үшін «Бавария» жетекшілері 28 миллион еуроға шығындалуға дайын екенін айтқан.

Роберт Левандовский «Боруссия» сапында 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал 2012/13 жылғы Лигада шабуылшы 24 нәтижелі соққының авторы атанған. Нәтижесінде, «Байер» шабуылшысы Штефан Кисслингтан кейінгі Германия біріншілігінің екінші үздік сұрмергені атанды.

Сондай-ақ, өткен аптаның сенбісінде аяқталған Чемпиондар Лигасында Левандовский 13 кездесуде 10 голдың авторы атанды.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН