"Анжи" Моуриньюге үш жылға 70 млн еуро ұсынды

"Анжи" Моуриньюге үш жылға 70 млн еуро ұсынды

Италиялық журналист Альфредо Педулла Sportitalia телеарнасыда жүріп жатқан бағдарламардың бірінде сенсациялық мәлімдеме жасады.

Айтуына қарағанда, өткен аптада "Анжи" басшылығы "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью мен "Ювентустың" жаттықтырушысы Антонио Контеге ұсыныс тастаған. Және маусым бітісімен Гус Хиддинк махачкалалық командамен хош айтысады екен.

Альфредо Педулла, италиялық журналист:

- Бірнеше күндер бұрын "Анжи" басшылығы Моуриньюге ұсыныс тастады: үш жылға 70 миллион еуро. Ал Хиддинк маусым бітісімен, командадан кетеді. Айтпақшы, Контеге де ұсыныс тастаған: ауысым аралығында таңдау мүмкіндігі және толық еркіндік. Алайда, білікті маман италиялық клубта қалғысы келетінін алға тартқан.

сурет: tienphong.vn 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига