ЧЛ. Финал. Юрген Клопп: "Біз осы жетістікпен тоқтап қалмақ емеспіз"

ЧЛ. Финал. Юрген Клопп: "Біз осы жетістікпен тоқтап қалмақ емеспіз"

Жалпы бұл финалға футбол әлеміне қатысы бар мамандар мен футболшылар немесе қарапайым жанкүйерлер де өздерінің тәуелсіз көзқарастарын білдіріп әлек. Осы тұста финалға шыққан клуб бапкерлері де өз ойларымен бөлісті.  

Дортмундтық "Боруссия" клубының жаттықтырушысы Юрген Клопп чемпиондар Лигасының финалы Эверестті бағындырғанмен бірдей екенін айта келіп, сонымен бірге оның командасы алған бетінен еш ауытқымай, осы бағытта жұмыс жасай беретінін айта кетті. 

Клопп биылғы финал және өзінің командасы жөнінде былай деп ой қорытты: "Адамдар Эверест шыңын бірнеше рет бағындырды. Ал кейбірі оған ондаған метр қалғанда бата алмай кейін шегінді. Біз де солар сияқты тырыстық. Енді міне финалдамыз. Бірақ біз осы жетістікпен тоқтап қалмақ емеспіз. Біздің команда айналасы бес жылдың ішінде үлкен қарқынмен дамуға көшті. Бұл көптеген клуб қолынан келе бермейтін жағдай. Және де біз осы финалмен шектеліп қалмауымыз керек. Биыл жасағанымызды келесі жылы да көрсетуге тырысамыз. Ол қолымыздан келе ме жоқ па оны уақыт көрсете жатар".  

Ал бүгінгі шешуші кездесу жөнінде неміс маманы тіс жарып көп ештеңе айта қойған жоқ. Қысқаша қайырды: "Матчқа толық дайын болу үшін ұсақ-түйектің барлығына да ден қоюымыз керек. Бүгін ең мықты екі қарсылас кездеседі және олардың шайқасын бүкіл әлем тамашалайды".  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: menshealth.com.ua

Б. Қосмағамбет