Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Неймар «Манчестер Ситиге» ауысады. «Реал Мадрид» Джексон Мартинесті өз қатарларына қоспақ. Джуджак командасын ауыстыруы мүмкін. Осы және өзге футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтарға Массагет тілшісі шолу жасамақ.

Балаж Джуджак, «Динамо» командасының жартылай қорғаушысы маусым аяқталған соң командасын ауыстыруы мүмкін. Ресейлік басылымдардың айтуынша, 25 жасар Венгрия құрамасының ойыншысы немістің «Байер» немесе ағылшындық «Вэст Хэм» командаларының қатарына қосылады деп күтілуде. Егер де Балаж командадан кетіп жатса, мәскеулік команда оның орнына «Рубиннің» ойыншысы Алан Касаевқа құда тұспек.

«Манчестер Сити» «Барселона» мен «Реалдың» алдын орап, Неймарды өз қатарларына қосып алмақ. Tribalfootball.com басылымына мәлім болғандай, 21 жасар Бразилия құрамасының шабуылшысы үшін 100 миллион фунтқа шығындалуға дайын екен. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, манчестерлік команда бүгінде «Сантосқа» 10 миллион фунт беріп те қойған.

«Челси» жазғы маусымаралық үзілісте Тибо Куртуа мен Майкл Эссьенді қайтарып алмақ. Айта кетейік, бүгінде Тибо «Атлетико» командасында жалда болса, Эссьен «Реал» командасында уақытша ойнап жүр. Қос ойыншыны да командаға жазда келеді деген Жозе Моуринью шақыртып жатыр екен. The People басылымының хабарлауынша, «Челсиде» Моуриньюдың көмекшісі «Блэкберннің» бұрынғы жаттықтырушысы Стив Кин болмақ.

«Реал» «Портудың» шабуылшысы Джексон Мартинеске құда түсіп отыр. Мадридтіктерден басқа бұл ойыншыға туриндік «Ювентус» және дортмундық «Боруссия» командалары да көз қырларын салып отыр. Дегенмен, Джексон жазда «Реалға» ауысуы мүмкін. Өйткені, Флорентина Перес Мартинестің орнына аргентиналық шабуылшы Гонсало Игуаинді беруге дайын екенін айтқан.

«Монако» да «Порту» командасының екі ойыншысын сатып алмақ. Fussball.ch хабарлағандай, «Монако» басшылары Жоау Моутинью мен шабуылшы Хамес Родригеске құда түскен. Екі ойыншы үшін де команданың басшысы Рыболовлев 70 миллион еуро көлемінде ақша бөліп қойыпты. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sports.ru, provelomag.ru

Ю. НИКУЛЛИН