Алекс Фергюсонның шайналған сағызы төрт көліктің бағасына сатылды

Алекс Фергюсонның шайналған сағызы төрт көліктің бағасына сатылды

«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Алекс Фергюсонның соңғы сағызы eBay бәссаудасында 592 мың долларға сатылып отыр. 

Шайналған сағыз жанкүйерлердің қолдап-қолпаштауы арқасында eBay интернет-бәссаудасына қойылған болатын. Естеріңізде болса, "қызыл сойқандар" ішкі біріншіліктің соңғы ойынында «Вест Бромвичке» қарсы ойын өткізіп, 5:5 есебімен тең тарасқан еді. Әлі матчтың аяқталар тұсында, 71 жастағы шотландық маман аузындағы сағызын «Хоторнс» стадионына тастап кете барған. 

Жолы болғыш азамат сағызды 592 мың долларға сатып алған. Ендігі таңда бәссаудадан түскен үлкен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады екен. Бұл туралы Metro басылымы хабарлауда. 

Ең қызығы сол, Алекс мырзаның шайналған сағызы төрт бірдей "Ferrari 458 Italia" көлігінің құнымен шамалас.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига