Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / "Атлетико" – Испания кубогының жеңімпазы (Видео)

"Атлетико" – Испания кубогының жеңімпазы (Видео)

Кеше түнде Испания астанасының қос клубы король кубогының иегерін анықтады. Дәлірек айтсақ, "Сантьяго Бернабеуде" өткен финалдық матчта "Атлетико" мен "Реал" күш сынасты. Жан алысып, жан беріскен ойын қорытындысында "Атлетико" 2:1 есебімен "корольдік клубтан" басым түсіп, Испания кубогының 2012/2013 жылғы маусымындағы жеңімпазы атанды.

Матчтағы есепті 14-минутта "Реал" жұлдызы Криштиану Роналду ашты. Ол бұрыштан берілген допты қақпа торына дәл бағыттай білді. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа созыла қойған жоқ. Бірінші таймның 34-минутында Фалькаодан әдемі пас алған Диего Коста есепті теңестіріп кетті.  

Ойынның қалған негізгі уақытында осы есеп сақталып, командалар қосымша 30 минуттық тайм ойнауға кірісіп кетті. Осы кезде сәттілік "Атлетико" ауылына жақындап, 98-минутта Миранда қақпа алдындағы қарбаластардың бірінде допты баспен қақпаға дарытты. 

Осылайша, "Атлетико" Испания Кубогын 10-мәрте жеңіп алды. Ал "Реал" бұл нәтижеге 19 рет жеткен. "Атлетико" соңғы рет осы кубокты 1995/96 жылғы маусымда жеңіп алған болатын.

Жалпы матч екі клубқа да оңай тиген жоқ. Ойынның 115-минутында Роналду "Атлетико" капитаны Габиге аяқ көтеремін деп ойыннан қуылса, ал ойын аяқталуға бірнеше секунд қалғанда осы оқиғадан зарбап шегуші Габидің өзі қызыл қағаз алды.  

Одан бөлек, "Реал" бапкері Жозе Моуринью матчты көрермендер арасынан тамашалауға мәжбүр болды. Ол 75-минутта төрешіге шағым айтам деп осындай жазаға кесілген болатын. Ол аздай, ойын үстінде алаң сыртындағы ойыншылар да жаға жыртысып қалды.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rsport.ru

1849 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 мамыр 2013, 14:47
Пікірлер
+0
18 мамыр 2013, 15:41

Mourinho out! CriRo full out!!! Bernabeu cry :cry: :cry: :cry:

+0
18 мамыр 2013, 16:39

биыл дым алмадық

+0
19 мамыр 2013, 03:48

Жолдары болған екен штанка тиіп

+0
19 мамыр 2013, 20:27

атлетико ойыншылары косымша уакытта созып журіп алды,Егер толық нұсқасын көрсеңіздер төрешінің бұрыс шешімдерін көресіздер,бирақ реал ойыншыларының жолы болмады,3 рет штанга га тиіп каншама мүмкіндіті жіберіп алды :x

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...