Давид Вилья ағылшын жерінде доп теппек...

Давид Вилья ағылшын жерінде доп теппек...

"Барселона" шабуылшысы Давид Вилья енді спорттық мансабын Англия чемпионатында жалғастырмақ. 31 жасар Испания құрамасының форварды лондондық "Тоттенхэм" клубына ауысатын болды. Бұл туралы Cadena Ser радиосына сілтеме жасаған El Mundo Deportivo хабарлады. Келісімнің қаржылық жағы әзірге жарияланған жоқ.

Естеріңізге салсақ, Вилья 2011 жылдың 15 желтоқсанында Жапонияда өткен клубтар арасындағы әлем біріншілігінде алған жарақаты кесірінен клубтағы негізгі орнынан айырылып қалған еді. Биылғы қысқы маусымда ол осы себепті клуб әкімшілігінен өзін басқа бір клубқа ауыстыру жөнінде өтініш жасап сұранған болатын. Алайда "Барселона" басшылығы оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Ал мамыр айының басында каталониялық клуб ойыншыны бұдан әрі өз қатарынан көргісі келмейтіндігі себепті басқа клубтардан ұсыныстарды қарастыратынын мәлімдеген болатын. Сол кездегі ақпараттар бойынша клуб Вильяны 15 миллион еуроға сатқысы келеді дегенді де айтқан еді. Ең бірінші боп Вильяны өз қатарынан "Арсенал" көргісі келетінін айтты. Бірақ ақыр аяғында "зеңбірекшілер" оған тек 10 миллион төлей ататынын хабарлады. 

Енді ол "Тоттенхэм" сапына өтуді шешкен сияқты. Кейбір баспасөздер клуб бапкері Андре Виллаш-Боаш футболшымен Испанияда жеке кездесіп онымен келіссөз жүргізіп, оны астаналық клубқа ауысуға көндірді дегенді жазды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rg.ru

Б. Қосмағамбет