Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Рио Фердинанд Англия құрамасымен қош айтысатынын мәлімдеді

Рио Фердинанд Англия құрамасымен қош айтысатынын мәлімдеді

Рио Фердинанд Англия құрамасымен қош айтысатынын мәлімдеді

Футболдан Англия құрама командасының бұрынғы капитаны Рио Фердинанд ұлттық құрамамен қош айтысатынын мәлімдеді.

Биылғы жылы 34 жасар қорғаушы "Манчестер Юнайтед" сапында алтыншы мәрте Англияның чемпионы атанған болатын. Ол осы клуб құрамында 11 жылдан бері тер төгіп келеді. Оған дейін Рио "Вест Хэм" және "Лидс" сияқты клубтарда ойнаған болатын. Ал Англия құрамасы қатырында ардагер ойыншы 81 матчқа қатысып үлгерген. 

Фердинанд ұлттық құрамада алғаш рет 1997 жылдың 15-қарашасы күні 19 жасында Камерунға қарсы ойында шығып, құраманың ең жас қорғаушысы атанған екен. Одан сәл уақыт бұрын ол 18 жасында Фрэнк Лэмпард, Майкл Оуэн және Эмиль Хески сияқты ойыншылармен тізе қосып, Еуропа чемпионатында қола медальға ие болған еді. Фердинанд үш бірдей әлем біріншілігіне қатысты. Алайда, ол ұлттық құрамаға 2011 жылдың 4-маусымынан, яғни Еуро-2012 сынына іріктеу матчтары аясындағы Швейцарияға қарсы ойыннан бері шақырту алмапты.   

 

Өзінің мәлімдемесінде Рио Фердинанд былай деді: "Көп ойланып, толғанып ұлттық құрамамен қоштасатын кез келді деп шештім. 34 жасымда командадан кетіп, жастарға орын бергенім дұрыс болар. Енді тек клуб қатарындағы ойындарға ғана барымды салуым керек. Ал ағылшын құрамасы тамаша команда. Оған күн санап жас әрі талантты ойыншылар келуде. Мен әрқашан да ұлттық құрамада ойнағанымды мақтан етемін".

Рионың шешімін ұлттық құраманың бапкері Рой Ходжсон да үнсіз қалдырмапты: "14 жылдан бері Англия құрамасы сапында ойнаған Рионың командаға сіңірген еңбегін айта келе, оған зор алғысымды білдіремін. Ол ұлттық құраманың капитаны бола отырып, үш әлем біріншілігіне қатысты. Оның ішінде есеп ашып көзге де түсе білді. Бұның барлығы да Фердинандтың ерекше ойыншылардың қатарына кіретіндігін көрсетеді. Мен де өз кезегімде оның маған телефон шалып, өз шешімін айтқанына түсіністікпен және үлкен сыйластықпен қарадым. Ол осындай шешім қабылдауға біраз ойланғаны белгілі",-деп жазды бапкердің сөзін келтірген УЕФА ресми сайты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport.news.am

1289 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 15 мамыр 2013, 18:35
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...