Швеция fair play рейтингінің көшін бастап тұр

Швеция fair play рейтингінің көшін бастап тұр

Швеция, Норвегия және Финляндия елдері fair play рейтингінің жаңартылған нұсқасында алғашқы үштікте орналасыпты. Енді бұл үш елге Еуропа Лигасына бір-бірден қосымша жолдама беріледі.

Жалпы fair play рейтингі УЕФА аясында өтетін әрібір елдің ұлттық құрамасы мен клубтары 2012 жылдың 1 мамыры мен 2013 жылдың 30 сәуір аралығында қатысқан турнирлердің қорытындысы бойынша жасалған. Бұл тұрғыда алғашқы үш орынды Швеция, Норвегия және Финляндия елдері алып, келер жылғы Еуропа Лигасының қосымша жолдамаларына ие болды.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар биылғы тізімді шығаруда УЕФА аясында кем дегенде 32 ойын өткізген құрамалар мен клубтарды енгізген. Ескере кететін тағы бір жәйт, ұпайларды есептегенде төрешілер әдемі ойын өрнегін көрсету, қарсыласты сыйлау, төрешіні тыңдау, алаңға жиналған жанкүйерлердің тәртіптілігі және командалардың сары, қызыл қағаздарына да баса ден қойған.

Енді үздік үштікке енген елдер ішкі біріншіліктегі fair play рейтингін жеңіп алған командаларын келер жылы Еуропа Лигасына қоса алады. Егер ол команданың Еуропа Лигасына жолдамасы бар болып қалған жәйт болса, онда турнирлік кестеде сол командадан бір саты төмен тұрған ұжым елдің намысын қорғай алады. Бұл жағдайды ескеретін болсақ, енді Еуропа Лигасына ішкі біріншіліктегі екінші дивизионға түсіп кеткен команда да қатыса алады. Бастысы, ол командада УЕФА-ның ресми сенімхаты болу керек.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН