Рафаэль Бенитес – сәуір айының үздік бапкері

Рафаэль Бенитес – сәуір айының үздік бапкері

Лондондық «Челси» командасының бас бапкерлік қызметін атқарып жүрген испандық маман Рафаэль Бенитес ағылшын біріншілігінің сәуір айындағы үздік бапкері атанды.

Бұл маманның басқаруымен «Челси» командасы сәуір айында ағылшын біріншілігінде төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Ал бір кездесуде «ақсүйектер» тең нәтижеге қол жеткізген.

«Мұндай марапатқа ие болған кезінде біз дұрыс жолмен келе жатырмыз деген ой келеді. Әрине, команданың сәуір айында бірде-бір рет жеңілмегені қуантады. Егер тап осы жеңісті жолымызды жалғастыратын болсақ, біз міндетті түрде АПЛ-ның үздік үштіктерінің қатарына қосыламыз деген ойдамын», - дейді Бенитес «Челси» командасының ресми сайтына берген сұхбатында.

Ал сәуір айының үздік ойыншысы болып «Манчестер Юнайтед» командасының нидерландылық шабуылшысы Робин ван Перси танылды. Естеріңізде болса, Робиннің «Астон Вилла» командасының қақпасына соққан үш голы «қызыл сойқандарды» 20 рет ел чемпионы атандырған болатын. Жалпы, шабуылшы сәуір айында бес кездесуге қатысып, алты мәрте нәтижелі соққымен көзге түскен.

 Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН