"Барселона" 1987 жылдан бері бірінші рет жеңілді

"Барселона" 1987 жылдан бері бірінші рет жеңілді

Испандық "Барселона" Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық екі бірдей матчында 1987 жылдан бері бірінші рет ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Ол кезде каталониялықтар "Данди Юнайтедке" жол берген екен. Одан бөлек, "Барселона" өз алаңында үш доп айырмашылығымен соңғы рет 2002 жылы ұтылған. Ол кезде жауапсыз үш допты "Севилья" клубы салған еді. 

Естеріңізге салсақ, жартылай финалдың жауапты ойынында "Барселона" командасы "Бавариядан" тас талқан болып жеңілген болатын. "Камп Ноуда" өткен матч қорытындысы қонақтардың пайдасына 3:0. Бірінші ойында да мюнхендік клуб 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com

Б. Қосмағамбет