Барса бағынды... Финалда немістер!

Барса бағынды... Финалда немістер!

0-3 есебімен Барселона Баварияға есе жіберді. Жалпы есеп 0-7! Мұндай мазақты Барселона бұрын-соңды көрмеген. Басынан бастайық...

"Камп Ноу" стадионында ЧЛ жартылай финалы аясындағы жергілікті "Барселона" мен мюнхендік "Бавария" арасындағы қайтара кездесу алғашқы аталған команданың үдетіп бастаған шабуылдарымен есте қалды.    

Ең бірінші жаңалық ойынға Мессидың шықпауы болды.27 минутта Хави 10 метрлік жерден тепкен добы аспан әуелеп лағып кетісімен-ақ ойынның әрі кете бастағандай. Каталондықтар гол соғатын екі бірдей мүмкіндікті мүлт жіберіп, санын шапалақтаудан басқа амал таппағанын да айтайық. Бірінші тайм қосымша уақытсыз аяқталды. Барселонаның 90 мың жанкүйері таблодағы 0-0 есебіне көңілдері толмай 15 минуттық үзілісті тағатсыздана күтуге мәжбүр болды.

Екінші таймда ешқандай да ойыншы ауысуы болған жоқ. Тайм басталысымен-ақ 49 минутта оң қапталдан айып алаңына жеткен Роббен Адриано Корреяны алдып өтіп есеп ашады. Дәл осы жағдайда каталондықтардың басына қара бұлт үйірілмесе қайтсін, жалпы есеп 5-0! 55 минутта Хавидың орнына Санчес шықса, 64 минутта Иньеста Тьягуға орын босатады. Ал 66 минутта Бавария құрамының ойыншылары ауысты. Швайнштайгердың орнына Луис Густаво алаңға шықты. 73 минутта Ламмның сол қанаттан әуелете берген добын Пике өз қақпасына қадап берді. Ал 3 минут өткен соң, Барселонаның жерленген жері "Камп Ноу" болғанына куә бола алдық, 76 минутта сол жақта әуелеп келген допты Мюллер қақпаға баспен тура бағыттай алды. Бұдан кейін Бавария да финалдың қамын ойлай бастады ма, әйтеуір Лам Рафиньяға орын босатып, өзі демалысқа кетті. Міне, дәл осылай Бавария өзінің мықтылығын дәлелдеп берді.

Енді финалда тек дортмундтық Боруссия мен мюнхендік Баварияны Уэмбли стадионынан 25 мамырда көру ғана қалды. Ал испандықтар ше? Испандықтар жеңілді...

Статистика

«Барселона» (Испания) – «Бавария» (Германия)

"Камп Ноу" стадионы. Төреші: Дамир Скомин (Словения).

Голдар: Роббен  49 (0-1), Пике 73 (0-2), Мюллер 76 (0-3)

Сары қағаз алғандар:

Қақпаға бағытталған соққылар саны:

«Барселона» (Испания) – 11

«Бавария» (Германия) – 9

Ойын тәртібін бұзды:

«Барселона» (Испания) – Алвес 46, Пике 78

«Бавария» (Германия) – Роббен 32

 

"Барселона": Бастапқы құрам – Виктор Вальдес, Дани Алвес, Пике, Бартра, Адриано, Фабрегас, Хави, Иньеста, Сонг, Вилья, Педро;

Қосымша құрам – Пинто, Монтойя, Алькантара, дос Сантос, Алексис Санчес, Месси, Тельо.

Бас бапкері: Тито Виланова

"Бавария": Бастапқы құрам – Нойер, Лам, Боатенг, ван Бюйтен, Алаба, Хави Мартинес, Швайнштайгер, Роббен, Мюллер, Рибери, Манджукич;

Қосымша құрам – Штарке, Данте, Шакири, Рафинья, Луис Густаво, Гомес, Тимощук.

Бас бапкері: Юпп Хайнкес

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: AFP©

А. Құлтай