Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Фелипе Сантана «Анжиде».  Мадридтік «Реал» Гарет Бэйл үшін қомақты қаржы және Ди Марияны беруге дайын. Бенуа Ассу-Экоттоны «Милан» өз қатарларында көргісі келеді. Осы және өзге де футбол нарығындағы соңғы жаңалықтар мына топтамада.

«Анжи» клубы орталық қорғаушы іздестіруде. Ресейлік басылымдардың айтуынша, махачкалалық команда Фелипе Сантағана көз қырларын салып жүр екен. 27 жасар дортмундтық «Боруссияның» қорғаушысы үшін ресейлік ұжым жарты миллион доллар беруге дайын.

Бруну Алвешті жазғы трансферлік маусымда «Ювентус» командасы өз қатарларына қосып алмақ. 31 жасар Португалия құрмасының қорғаушысы үшін «Ювентус» 1,5 миллион еуро жалақы ұсынып отыр. Алайда, Бруно үшін бұл ұсыныс тиімсіз. Өйткені ол питерлік команданың қатарында жылына 2,5 миллион еуро жалақы алады. Дегенмен, осы жылдың соңында бұл ойыншының «Зенитпен» келісім-шарты аяқталады. Сондықтан да Алвешке қандай жағдай болмасын, жаңа жұмыс орнын қарастыру керек. Питерлік команданың баспасөз қызметкерлерінің айтуынша, Алвешке «Ювентустан» басқа, «Фенербахче», «Бешікташ», «Атлетико» және оның бұрынғы командасы «Порто» да қызығушылық танытуда екен.  

«Рубин» «Суонси» және «Вест Бромвич» командаларынан бұрын, «Бетистің» жартылай қорғаушысы Хосе Каньясты команда қатарына қосып алғылары келеді. Life Sports басылымының айтуынша, қазандықтар 25 жасар испандық ойыншы Пабло Орбаисутың орнын жоқтатпау үшін керек екен. Дегенмен, «Рубин» жетекшілері әлі де болса, «Бетиске» ресми ұсыныспен шықпаған.

Генрих Мхитарян өзінің спорттық ғұмырын «Ливерпульде» жалғастыруы мүмкін. Calciomercato басылымы хабарлағандай, «Шахтердің» ойыншысы үшін мерсисайдтықтар қазыналарынан 40 миллион еуро бөлмек. Ал Tuttosport басылымының ақпаратына жүгінетін болсақ, Мхитарянды «Ювентус» командасы шақыртып жатқан көрінеді.

«Реал» «Тоттенхэмнің» ойыншысы Гарет Бэйл үшін шығындала алатын ақшаның нақты сомасын айтты. Daily Mirror басылымы айтқандай, мадридтік команда 23 жасар ойыншы үшін нақты 45 миллион фунт және команданың аргентиналық шабуылшысы Анхель Ди Марияның қосып беруге сақадай-сай.

«Миланның» жазғы ауысым науқанындағы басты көздеген нысаны «Тоттенхэмнің» қорғаушысы Бенуа Ассу-Экотто болмақ. 29 жасар камерундық ойыншымен «Милан» команданың басты проблемасы саналатын қорғаныстың сол қапталын бекітпек екен. Ал француз басылымдары айтқандай, «Миланнан» бөлек, Ассу-Экотто үшін «Монако» да талас жүргізіп жатыр.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sport-xl.net, football.ua

Ю. НИКУЛЛИН