Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Біздің арманымыз орындалды

Біздің арманымыз орындалды

Біздің арманымыз орындалды

Алматылық "Қайрат" футзал клубының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов УЕФА Кубогы финалындағы мәскеулік "Динамоны" ұтып, чемпион атанған командасының жеңісімен бөлісті. 

UEFA сайтына берген сұхбатында капитан: "Мен әлі де сене алар емеспін. Айтарға сөзім де жоқ. Бұл матч біздің бүкіл өміріміздегі ең жауапты сәт болды. Бұл жеңіс бізге тектен-тек келе қойған жоқ. Жетістікке жету үшін қаншама жыл тер төгілді. Ақыры бүгін Тбилисиде өз мақсатымызға жеттік. Білмеймін, енді мұндай жеңіске жетеміз бе, жетпейміз бе? Мен осы жеңіске ат салысқандардың барлығын да шын жүректен құттықтаймын.

Бұл турнирдегі жеңіс біз үшін өте маңызды. Ол біздің елдегі футзалға деген жаңа көзқарас қалыптастыратыны сөзсіз. Матч бірнеше телеарна арқылы әлемнің көптеген елдеріне таратылды. Бұл Қазақстан футзал деңгейінің өсуіне өз септігін тигізері анық.

Динамолықтар есепті қысқартқан сәтте, біздің қақпашы кішкене өз білгенінен жаңыла бастады. Кейін тағы да бір доп жіберіп алдық. Сол сәтте бәріміздің кеудемізде бір қорқыныш пайда болғаны жасырын емес. Алайда, біз бір ұжым боп матчты аяғына дейін жеткізіп, жеңісті сақтап қала алдық. Енді бізге тек жеңісті дүркіретіп тойлау ғана қалды",-деп ағынан жарылды. 

Матчтағы ең үздік ойыншыға берілетін сыйлықтың иегері – Алешандре Мораэс: 

"Ойын негізінен тең дәрежеде өтті. Алайда Какау бізге жеңіске деген жолды көрсете білді. Меніңше, "Барселона" мен "Динамо" әлемдегі ең үздік командалар. Біз оны осында келе жатқанымызда да білген едік. Алайда, финалда ойнай алатындығымызға іштей сенімді болдық. Мен "Қайрат" ең мықты команда саналатынына бір сәтке де күмәнданбаған едім. Барлығымыз алдымызда қандай қиын матч болатынын да және сол кезде не істейтінімізді де білдік. Себебі біз осыған дейін "төрттік финалына" бірнеше рет қатысқан едік. Жинаған біраз тәжірибеміз болды".

Шабуылшы Жоан: 

"Қайратта қанша жыл ойнадым. Әр кезде мен клуб президентіне "Финалға міндетті түрде жолдама алып, чемпион атанамыз" деп айтушы едім. Ақыры солай болды да. Мен бір кездері "Динамо" сапында ойнағандықтан, клуб ойыншыларына команданың ойын тактикасы мен ойыншылары жөнінде айтып бердім. Мен сондай-ақ "Иберия Старда" да ойнадым. Алайда, ол кезде клуб элиталық раундқа өте алмаған еді.

Қазір команда бірнеше тәжірибелі ойыншыларды сатып алды. Болашақта олар осы бағытпен жұмыс жасап, финалдық кезеңде өнер көрсетеді деп сенемін. Мен шешуші матчтар Тбилисиде өтеді дегенді естігенде қатты қуандым. Себебі бұл мен үшін бөтен қала емес еді. Бұл жерде менің көптеген достарым тұрады. Енді бұл қаланы одан да бетер жақсы көретін шығармын. Себебі, менің өмірімдегі ең қуанышты да, бақытты сәт осы қаламен байланысты болып қалмақ".

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: uefa.com

1003 1
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 29 сәуір 2013, 14:01
Пікірлер
+0
29 сәуір 2013, 15:06

Құтты болсын! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...