Моуриньюдің автобиографиясы жарыққа шықпақ

Моуриньюдің автобиографиясы жарыққа шықпақ

Бүгінде мадридтік "Реал" командасын жаттықтырып келе жатқан даңқты бапкерлердің бірі Жозе Моуринью осы жылдың қазан айында "Менің футболым" деген атпен жеке автобиографиялық кітабын шығармақшы.

Қазіргі таңда Моуриньюдің өз қолымен жазылған бірнеше кітаптары, ол қатарда сол бір автобиография да баспада жатқан көрінеді. Және бір айта кетерлігі, жаңа кітап португалдық маманның өзіндік жеке стилімен жазылған.

Қаңтарда елуге толғалы отырған бапкердің автобиографиясында мансап жолындағы бүкіл қиындық атаулы, шырғалаң мен жеңістің тәтті сәттері көрініс таппақ: "Интермен" жеткен үлкен жетістік, "Челсиде" өткен уақыттар және "Реалдағы" осы күнгі жағдай. Бұрын-соңды баспа бетінде жарық көрмеген тың дүниелер ұсынылмақ.

Айта отырсақ, Моуринью заман көшін сүйреп келе жатқан ең мықты бапкерлер қатарынан. Оған дәлел, Чемпиондар Лигасын ( «Порту» мен «Интер») екі рет жеңіп алуы, УЕФА кубогы, Португалия, Англия, Италия мен Испания ішкі біріншіліктеріндегі жеңістер. Сол қатарда, ішкі біріншіліктің айтулы додаларының бірнеше дүркін чемпионы екендігі.

сурет:football.liga

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига