"Массагет бәйгесінің" жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

"Массагет бәйгесінің" жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды
Фото: massaget.kz

Футболдан Ресейде өткен Әлем чемпионатына орай «Массагет» порталы Huawei компаниясының демеушілігімен болжамдар бәйгесін ұйымдастырған еді. Бүгін сол бәйгенің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталып отыр. 

«Массагет бәйгесіне» 150-ден астам үміткер қатысты. Олар Франция-Аустралия ойынынан бастап  финалға дейінгі барлық ойынға болжам жасап, 60 турды тәмамдады. Қатысушылардың жеңіске деген құлшынысы мен белсенделігі жоғары болды.  Жарысқа қолдау білдіріп, талап-тілектерін жолдаған оқырмандарымызға алғыс білдіреміз. Сонымен "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз және жүлдегерлермен таныс болыңыздар.

 

Болжамдар бәйгесінде Қарақат Архарбек есімді қатысушы жеңімпаз атанды. Ол 56 ұпай жинап, соңғы турға дейін көшбасшылар қатарында болды. Жеңімпазға Huawei компаниясы Huawei P 20 Lite смартфонын сыйға тартып отыр.  Аталған смартфон Қазақстан нарығына 2018 жылдың сәуірінен бастап енді. 

Жеңімпазды жүлдесімен құттықаймыз!

Бәйгеде белсенділігімен көзге түскен Ақылбек Ысқақов есімді оқырман екінші орынды иеленді. Ол бәйге барысында бірнеше рет ойындардың есебін дәл тауып, жалпы саны 54 ұпай жинады. Жүлдегерге Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ұсынған белгі, компьютер веб-камерасы, былғары доп және қойын дәптер сыйға тартылады. Жүлдеңіз құтты болсын!

Үшінші орынды Ләззат Қосымбекова есімді қатысушы иеленді. Жүлдегерге редакция журналисі Өмірбек Сансызбаев компьютер веб-камерасын және қойын дәптер сыйға тартады.

Жарыс қорытындысы "Болжамдар бәйгесінің рейтінгінде" жаңартылды. Бәйге нәтижелерінің әділ болғандығын нақтылау мақсатында жеңімпаздар ұпайын арнайы кестеге салдық. Жүктеу үшін.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге, барша қатысушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Жетер жетістіктеріңіз көп болсын! 

Massaget.kz