Франция бірінші болып жартылай финалға шықты

 Франция бірінші болып жартылай финалға шықты
Фото: vk.com

Футболдан əлем чемпионатының жартылай финалына Франция құрамасы бірінші болып жолдама алды. Нижний Новгородта өткен ойында француздар 2:0 есебімен Уругвайды ұтты. 

Ойындағы бірінші голды 40 минутта қорғаушы Рафаэль Варан соқты. Ол Антуан Гризманның асырған добын баспен қақпаға тура бағыттап есеп ашты.

Екінші голды 61 минутта Антуан Гризманн өз еншісіне жазды. Оның алыстан тепкен добын Муслера сəтсіз қайтарып, қақпасына допты өткізіп алды. 

Жартылай финалда Франция құрамасы Бразилия - Бельгия құрамалары арасындағы ойында жеңгенімен кездеседі.

Ө. Сансызбай