Қоғамдық сауалнама: Қай елдің құрамасы "Әлем чемпионы" атанады?

Қоғамдық сауалнама: Қай елдің құрамасы "Әлем чемпионы" атанады?

Төрткүл дүние көз тіккен Ресейдегі аламан дода басталғалы ер азаматтардың бас қосуы жиілеп, түн ұйқылары қысқарған. Екі ер жігіт қосыла қалса әңгіме қылар тақырып дайын. Мессидің қауқарсыздығы, Аргентина қақпашысының қателігі, Германияның топтан шыға алмауы, Каутиньо, Кавани сияқты бірқатар ойыншылардың жойқын соққылары.

Ширек финал басталар қарсаңда Massaget журналистері Алматы көшелерінде кішігірім сауалнама жүргізді. Сұрағымыз: Әлем чемпионатын қай елдің құрамасы ұтады? Тұрғындар мен қала қонақтары өз пікірлерін ашық айта білді. Ал, сіздің пікіріңіз қандай?

А. Қажиев