Бавария - Базель. 7:0!

Бавария - Базель. 7:0!

Кеше футболдан чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан 2 команда белгілі болды. Олар: "Марсель" мен "Бавария". Дегенмен, ел-жұрт арасында Баварияның ерекше жеңісі туралы әңгіме желдей есіп тұр. 

Мюнхендік Бавария Швейцария елінің командасы Базельді 7:0 есебімен ұтты. Бұл ойын чемпиондар лигасы тарихындағы ең елеулі, назар аударуға тұрарлық оқиғаның бірі болды. Бавария бұған дейінгі Ливерпульдің жасаған рекордын жаңартудың аз-ақ алдында тұр еді (Ливерпуль-Бешикташ, 8:0). Оған уақыттары болған. Дегенмен, әйгілі Тимощуктің өзі қақпаға бірнеше допты бағыттағанымен, қақпашы оған мүмкіндік бермеді. 

Сонымен: 

1/8 финал

Қарымта кездесу

«Бавария» (Германия) – «Базель» (Швейцария) – 7:0

Гол: Роббен, 10 (1:0). Мюллер, 42 (2:0). Гомес, 44 (3:0). Гомес, 50 (4:0). Гомес, 61 (5:0). Гомес, 67 (6:0). Роббен, 81 (7:0).

«Бавария» ойыншылары: Нойер, Лам, Боатенг, Бадштубер, Алаба, Лиуз Густаву, Кроос, Роббен (Тимощук, 82), Мюллер (Швайнштайгер, 70), Рибери (Праньич, 79), Гомес.

«Базель»: Зоммер, Штайнхефер (Деген, 70), Абраам, Драгович, Пак Чо Хо, Шакири (Зуа, 80), Кабрал Адилсон, Джака, Ф. Фрай (Штокер, 61), Штреллер, А. Фрай.

Ескертулер: Штреллер, 60. Кабрал Адилсон, 73. Боатенг, 80.

Төреші: Марк Клаттенбург (Англия).

Бавария - Базель

Басқа голдар мен ойынның толық бейнебаянын мына жерден көруге болады: Бавария - Базель(7:0)

 сурет: sports.ru