Токио — 2020: Медальдар ескі гаджет қалдықтарынан жасалады

Токио — 2020: Медальдар ескі гаджет қалдықтарынан жасалады
Фото: vk.com

2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары жеңімпаздарға арналған алтын, күміс және қола медальдарды электронды құрылғылар, яғни, гаджет қалдықтарынан жасау туралы шешім қабылдады.

Nikkei Asian Review хабарлауынша, бұл шешім  жергілікті билік пен Олимпиада ұйымдастырушыларының жалпы жиналысында қабылданды. Бұл бастама Жапонияның экологиялық проблемаларына және электрондық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне назар аудартады. Осы орайды Жапония қоқысқа лақтырылған электрониканы жинаудың ауқымды жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. 2020 жылғы олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарға медальдар  жасау үшін 2700 кг қола, 4100 кг күміс және 30,3 кг алтын жинау қажет.

Сондай-ақ, бұған Жапонияда өзге елдердегідей пайдалы қазбалардың болмауы да себеп болса керек.

А. Оралқызы