"Барселона" Испания Суперкубогін 13-ші рет жеңіп алды

"Барселона" Испания Суперкубогін 13-ші рет жеңіп алды
Фото: football.u

"Барселона" Испания Суперкубогі үшін "Cтад де Танжер" стадионында болған ойында Севильяны 2:1 есебімен жеңді.

Ойынның 9-минутында Севилья тарапынан Сарабия есепті ашса, бірінші таймның бітуіне 3 минут қалғанда Пике есепті теңестірді. Ойынның 78-минутында каталониялықтарға жеңіс сыйлаған Усман Дембеленің алыстан қайшылап тепкен соққысын Севилья қақпашысы қайтара алмады. 

Ойынның 91-минутында айып алаңы ішінде тәртіп бұзылып, Барселона қақпасына пенальти белгіленді. Оны севильялықтар пайдалана алмады. Бен Йеддердің тепкен добын тер Штеген еш қиындықсыз қайтарды. 

"Барселона" өз тарихында осымен 13-ші рет Испания суперкубогін жеңіп алып, бұл жағынан көш бастауды жалғастырып келе жатыр. Ал, оның Ла-лигадағы нөмірі бірінші қарсыласы "Реал Мадрид" бұл кубокті өз тарихында 10 рет жеңіп алған. 

"Севилья" – "Барселона" - 1:2 (1:1)
Голдар: Сарабия, 9 (1:0). Пике, 42 (1:1). Дембеле, 78 (1:2).

"Севилья": Вацлик, Кьер, Серхио Гомес, Меркадо (Бен Йеддер, 85), Хесус Навас, Банега, Меса, Васкес, Сарабия (Алейш Видаль, 71), Эскудеро, Муриэль (Андре Силва, 60).
"Барселона": тер Штеген, Семеду, Пике, Лангле, Жорди Альба, Дембеле (Видаль, 86), Бускетс, Артур (Коутинью, 53), Рафинья (Ракитич, 46), Суарес, Месси.
Ескерту: Бускетс, 16. Васкес, 24. Меса, 69. тер Штеген, 90. Лангле, 90+2. Алейш Видаль, 90+4.
Төреші: Дель Серро Гранде (Испания).

Т. Раушанұлы