Финалда "Бавария" мен "Челси"

Финалда "Бавария" мен "Челси"

Бірнеше күннен бері барша футболсүйер қауымды «финалға кімдер шығады екен» деген ой мазалап жүрген болатын. Тіпті күтпеген жеңілістен кейін әйгілі «Барселонаның» жанкүйерлерінің футболға деген өкпелері де жоқ емес. Сонымен жоғарыдағы сауалдың жауабы белгілі. Финалда - «Бавария» мен «Челси».

Осыдан бірнеше сағат бұрын болған жауапты жартылай финалда мюнхендік «Бавария» мадридтік «Реалды» жеңіп, финалда "Челсиге" қарсы ойын көрсететін болды.

Аталған командалар осыдан бір апта бұрын Мюнхенде ойнаған болатын. Ойын  Баварияның жеңісімен 2:1  болып аяқталған.

Кешегі ойын «Реалдың» шабуылынан басталды. Мадридтіктер қақпаға бірнеше соққы беріп, бес минут болар-болмас пенальти соғуға мүмкіндік алды. Жауапты сәтте Криштиану Роналду 11 метрден оп-оңай гол салып кетті - 1:0.

Мюнхендіктер салдарын түсірместен, бірнеше қауіпті шабуылдарымен жауап берді. Екі минуттан кейін-ақ Арьен Роббеннің гол салу мүмкіндігі болып еді, бірақ доп бес метр жоғары кетіп, сәтсіздікпен аяқталды. Бұл жолы да «Реалдың» жұлдызы жанып, есепті 2:0 ге жеткізді. Голдың иесі – көрерменнің көзайымы – Роналду.

Ойынның жиырма жетінші минутында Арьен Роббен алғашқы голдағыдай 11 метрден бавариялық жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, көп күттірместен есепті 2:1 етті.

Екінші таймды қос команда да аса сақтықпен бастады. Ойыншылар шаршаңқы көрінді, бұл әсіресе бір аптада екі ойын көрсеткен мадридтіктерден қатты байқалды. Қақпа алдында бірнеше қауіпті сәттер болғанымен, екі команда да екінші таймда мүлде гол соға алмады.

Осылайша, баршамызды сарылтып күттірген чемпиондар Лигасының финалы испандықтардың қатысуынсыз өтетін болды.

 

                                                                               

 

25 сәуір. Мадрид. «Реал» -«Бавария» 2:1. Пенальти сериясы: 1:3

Голдар: Криштиану Роналду, 5, пенальтиден (1:0), Криштиану Роналду, 16(2:0), Арьен Роббен, пенальтиден, 27 (2:1).

Пенальти сериясы: Давид Алаба (0:1), Криштиану Роналду (қақпашы), Марио Гомес (0:2), Кака (қақпашы), Тони Гросс (қақпашы), Хаби Алонсо (1:2), Филипп Лам (қақпашы), Серхио Рамос (мүлт кетті), Швайнштайгер (1:3).

«Реал»: Касильяс, Пепе, Арбелоа, Марсело, Серхио Рамос, Хаби Алонсо, Хедира, Озил, ди Мария, Роналду, Бензема.

«Бавария»: Нойер, Лам, Боатенг, Алаба, Луис Густаво, Гросс, Бадштубер, Швайнштайгер, Рибери, Робен, Гомес.

Бірінші кездесу: 1:2. Екі кездесудің нәтижесі: 3:3.

Сурет: rusfan.ru