Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Неміс Драма театры - неміс халқының мәдени мекені

Неміс Драма театры - неміс халқының мәдени мекені

Неміс Драма театры - неміс халқының мәдени мекені

1974 жылдың 2 шілдесінде Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы орталық комитетінің «КСРО халқы арасында неміс ұлтының жұмысын жақсарту туралы» шешімі қабылданды.

1975 жылдың 6 ақпанында Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығымен қазақ жеріндегі алғашқы неміс театрының іргесі қаланды. Театрдың ашылған кездегі мақсаты республикада өмір сүретін неміс халқының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын сақтап, оны әрі қарай дамыту болды.

Арада бес жыл өткен соң, Мәскеу қаласындағы Кіші театрға қарасты Щепкин атындағы училищеде білім алған 29 жас әртіс Теміртау қаласына келді. Театр 1980 жылдың 26 желтоқсанында неміс жазушысы Александр Райменгтің «Алғашқылар» («Первые») пьесасымен ашылды. Пьесада неміс ұлтының қазақ жеріне көшіп келгендегі алғашқы күндері, қазақ халқымен қарым-қатынасы көрсетілді. Театр репертуарынан орыс, неміс классиктерінің шығармалары орын алды. Сол кездегі неміс, орыс ақын-жазушылары мен драматургтары театрдың көркеюіне сүбелі үлес қосты.

Неміс Драма театры (DTA) кеңінен танылып, гастрольдік сапарларға шыға бастады. Уақыт өткен сайын, театр труппасының құрамы толығып, Теміртаудағы шағын ғимарат оларға тар болды. 1989 жылы театр Алматы қаласына көшірілді.

Осы кезде республикадағы неміс халқының тарихи отанына көшу науқаны жүріп жатты. 1993 жылы Германия еліне театрдың соңғы әртісі көшіп кетіп, театрда Лидия Ганн ғана қалады.


Театр труппасы өзге ұлт өкілдерінің азаматтарымен толыға бастады. Бұл театр бағыты мен болмысына үлкен өзгерістер енгізді. Неміс Драма театры (DTA) тәжірибелер пен пікірталастардың мекеніне айналды.  

Өзге мемлекеттерден режиссерлер шақырылып, олар өз кезегінде театрдың дамуына ат салысты. Театр репертуарынан жаңа шығармалар орын алуда. Атап айтсақ, Джеффри Черч (Англия) «Макбет», Фредерике Фельбек (Германия) «Немецкий как иностранный» (Арна Арлейдің (Литва) пьесасы), Кристоф Фетрие (Франция) «Миры в переходах» (Джеймс Джойстың «Уилисс» романы), Катарина Шмеер (Германия) «Дай жару», Х. Ганым (Германия) «Войцек» (Г. Бюхнер пьесасы), Ирина Симонова (Қазақстан) «Девушка и Смерть» (М.Горький шығармасының желісімен жазылған А.Курелланың ересектерге арналған ертегісі) қойылымдары көрермендердің назарына ұсынылды.


Театр репертуарында «Оскар и Розовая Дама» (авт. Э. Э. Шмитт, реж. Игорь Гонопольский), «Дон Жуан приходит с войны» (авт. Э. фон Хорват, реж. Борис Преображенский), «Счастливый Ганс» (авт. М. Бартенев, реж. Дмитрий Скирта), «По одежке протянешь ножки» (авт. Х. Бергер, реж. Андрей Воронин), «Свобода» (авт. С. Мрожек, реж. Ирины Симонова) т.с.с. отандық және шетелдік режиссерлердің қойылымдары бар.


Қазіргі таңда Республикалық Неміс Драма театры (DTA) түрлі тәжірибелердің арқасында неміс халқының мәдени мұрасын сақтауды көздейді. Жыл сайын театр репертуары жаңартылып, оған өзге елдердің сазгерлері мен режиссерлері тартылады.

Театр қойылымдары орыс және неміс тілдерінде жүргізіледі. Неміс тілін меңгермеген көрермендерге неміс тілінен орыс тіліне тікелей синхронды аударма ұсынылады.

Суреттер: blogos.kz, dta.kz

Дайындаған:
Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні:
11 наурыз 2012, 11:00
Тегтер:
Неміс Драма театры (DTA), неміс халқы, театр
57 0
Рейтинг: +0

Пікірлер
+0
11 наурыз 2012, 13:40

Неміс тілін меңгеріп жүргендер тіл білімін жетілдіру мақсатымен осы театрға барады. Өз басым, актерлердің ойнау шеберлігі мен өзге елдердің шығармаларын көруге барамын. Актерлік құрамы кішкентай, алақандай ғана ғимаратта орналасқан театрдың берері мол.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

 Менің кішкентай достарым
Менің кішкентай достарым

Балалық шағымның кейіпкерлері...

Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...
Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...

Ал, сен, жанкүйерлік ет те, нәтиже талап ет!

Сағыныш хаты
Сағыныш хаты

Сені сағындым... Сенің бұртия қалатын бал мінезіңді сағынып кеттім! Екеуіміз...

Автор: ӘСЕЛ САРҚЫТ
Алматы автобусындағы ұзақтық...
Алматы автобусындағы ұзақтық...

Алматыға келгеннен кейін келесі күні ертемен өзім арман еткен ҚазҰУ қалашығына...

Автор: Nazerke Zhanbyrbay
Қартайғанда үйде отыру керек қой ...
Қартайғанда үйде отыру керек қой ...

Таңғы сағат 6:30. Күндегі әдетіммен өз автобусымды күтіп аялдамада ұзақ тұрдым.

Автор: Nargiza Ibragim
Жанар Дұғалова жеңіске қалай жетті?
Жанар Дұғалова жеңіске қалай жетті?

Бәріңіз білесіздер, Жанар Дұғалова күні кеше өткен Түрквижн-2014 ән байқауында ел...


Соңғы аудармалар

f(x) - NU ABO [қазақша субтитрлермен]
f(x) - NU ABO [қазақша субтитрлермен]

“Nu ABO” – f(x) тобының 2010  жылы шыққан мини альбомдары. Бұл альбом барлық корей музыкалық шерулерін бағындырады және тұңғыш рет қыздардың мінезін көрсетті. Топтағы бес қыз да шаштарын ерекше түстерге бояп, ерекше шаш үлгілерін жасады.  f(x) стилистері әрдайым экстравагант стильді ұстанғанымен бұл жолы тіпті қиялдарына ерік береді. Викторияға шашақты легинсі кигізіп, Лунаға бет пішінімен бірдей сырға тағады, екі мүшесіне гетры кигізеді. Осыдан бастап жанкүйерлер әрдайым f(x) тобынан ерекшелік күтеді. Аударған, тайминг, әрлеу:...

Block B - Jackpot [қазақша субтитрлермен]
Block B - Jackpot [қазақша субтитрлермен]

"Block B" тобы 2014 жылдың көктемінде "Jackpot" атты толықформатты альбоммен сахнаға қайта оралуларын атап өтуі керек болған. Бірақ топ аталмыш әнге бейнеклип шығарып қана...

TABLO - BAD [қазақша субтитрлермен]
TABLO - BAD [қазақша субтитрлермен]

Корейлік және канадалық рэпер Дэниел Арманд Ли Tablo атты лақап атымен k-pop әлеміне еніп, Epik High триосында дебют жасаған. Tablo көбіне қоғамдағы теңсіздік пен...