Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Мүсірепов сахнасында – үш тұлғаның жары болған Фатима!

Мүсірепов сахнасында – үш тұлғаның жары болған Фатима!

Мүсірепов сахнасында –  үш тұлғаның жары болған Фатима!

Құрметті театрсүйер қауым, қазақ театрларының көшінде алдыңы қатарда жүрген Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театры тағы бір жаңа қойылымның тұсауын кеспек.

Премьера ақпан айының 14-і мен 15-iне жоспарланып отыр. Басталуы - 18.00.

"Фатима" деп аталатын қойылымды сахнаға даярлағандар: 

Қойылымның авторы – Иран-Ғайып Оразбаев. 

Қоюшы режисері – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов. 

Қоюшы  суретшісі – Индира Ихсан. 

Балетмейстері – Жанар Мақашева. 

Музыканы көркемдеуші – Қарлығаш  Исаева. 

Режисердің  ассистенті – Бақыт Тушаев. 

Режисердің көмекшісі  – Әлия Абсаттарова.

"Фатима" ұлағатты ұлтымыздың үш бірдей ұлы тұлғасының жүрегіне сезім шоғын жағып, көңіліне шабыт берген данагөй ұстаз, әдебиеттанушы, қазақтың асыл ұлдары Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовтың жары бола білген татар қызы Фатима Ғабитова туралы.

Фатима рөліне Ақмарал Дай­рабаева мен Ақбота Қаймақбаева таңдалған. Ал Фатиманың қыз ғұмырындағы рөлдерін Ергешова Гүлдана, Динара, Арай есімді жас актрисалар сомдамақ. 

Ақмарал Дай­рабаева


 Ақбота Қаймақбаева

Иран-Ғайыптың «Фатима» атты қасірет-намасы – әдеби  деңгейі  мейлінше  жоғары шығарма. Астарында тарихи шындығы бар қойылым көрерменін көп күттіруде.

Театрда кездесейік!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: teatr-musrepov.kz, proza.ru, azattyq.org

7574 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 ақпан 2013, 17:51
Пікірлер
+0
13 ақпан 2013, 19:06

Кешікпей барайықшы, ағайын!

+0
13 ақпан 2013, 19:14

Мүсірепов пен Әуезов театрлары, былаааай қарап тұрсақ, жарысып келе жатқандай. Үнемі бірінің артынан бірі премьера дайындап отырады. Әуезовте кеше қойылған "Шырақ жанған түн" туралы айтылған тәуір пікір естігем жоқ. Өзім де мақтай алмаймын. Спектакль етіп шығаруға келмейтін идея сияқты. Ал енді назарымыз Мүсіреповте. "Фатима" - салмағы ауыр шығарма. Басты рөлдегі қыздарға қызығам да, қызғанам ;) ал, сәттілік!

+0
13 ақпан 2013, 19:28

Фатиманы шын өмірде де зерттеу керек.

+0
13 ақпан 2013, 20:12

Барып көретін екен

+0
13 ақпан 2013, 21:26

шынында да оның өмірі қасірет, әттең, оқымай жүрміз ғой

+0
14 ақпан 2013, 09:34

baru kerek boldy)))kim barady eken menimen? ;)

+0
15 ақпан 2013, 16:03

кеттік. Біз барамыз!

+0
14 ақпан 2013, 12:58

Мен ертең де, бүгін де барамын))) Шындықпен жанасатын Фатима апа өмірін көргім келеді. Менің білуімше, сценарий бір емес, бірнеше рет жазылып, түзетулер мен толықтырулар да көп болған

+0
15 ақпан 2013, 16:19

Барып келдім. Күшті болды. Баруға кеңес беремін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...