Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Жаңа қойылым!

Жаңа қойылым!

Жаңа қойылым!

Биыл 7 және 8 ақпан күндері М. Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры жаңа қойылымын көрермен назарына ұсынбақ. 

«Шырақ жанған түн» деп аталатын пьесасының авторы - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин. Ал спектакльдің қоюшы режисері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрғанат Жақыпбай (Астана қаласы Жастар театрының директоры). Қойылым суретшісі - М.Сапаров.

Нұрлан Оразалин

 Нұрғанат Жақыпбай

Осыдан 36 жыл бұрын жазылып, сахналанған қойылымды 2012 жылы Астананың Жастар театры қайта жаңғыртқан болатын. Қойылым алғаш дүниеге келгенде ондағы Таңат рөлін – Нұрқанат Жақыпбай, Нұргүлді – Ғазиза Әбдінәбиева, Сағынды – Досхан Жолжақсынов, көршіні – Қасым Жәкібаев сомдаған болатын. 

Астана қаласының Жастар театрының сахналауындағы "Шырақ жанған түн"

Ал Астананың Жастар театры әртістері Әділ Ахметов – Таңатты, Айнұр Рахимова – Нұргүлді, Азамат Есқұлов – Сағынның бүгінгі образын шынайы суреттеген болатын. 

"Шырақ жанған түн" - тағдыр соқпақтарында сандалған шынайы өмірде бар жандардың күйбеңін баян ететін драмалық қойылым.

Сағын мен Нұргүл жарасымды, елге үлгі, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» отбасы. Үйлеріндегі кезекті бір қонақ қабылдауда кездейсоқ телефон Сағынның көңіліне сызат түсіріп, олардың өзара ренжісуіне себеп болады. Нұргүл түн ішінде үйден кетіп қалады да, ойламаған жерден Таңатты жолықтырады. Осы түн спектакль кейіпкерлері үшін тазару, арылу түніне айналады. Ал, «марстық» кейіпкер Таңат «Мен барлығыңызды жақсы көремін» дегенді көрерменіне де қарата айтатыны бекер болмаса керек.

Спектакльде театрдың талантты жас буындары Еркебұлан Дайыров, Ләззат Қалдыбекова, Гүлнұр Шыңғысова, Алмас Шаяхметов, Рүстем Жанамановтардың қызғылықты ойындарын тамашалай аласыздар.

Театрда кездесейік, ағайын!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: astana-akshamy.kz , egemen.kz, writers.kz

5097 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 ақпан 2013, 14:48
Пікірлер
+0
06 ақпан 2013, 14:19

Бару керек қой.

+0
06 ақпан 2013, 14:21

Сюжеті "Прошлой ночью в Нью-Йорке" фильміне келетін сияқты.

+0
06 ақпан 2013, 14:28

Бұйртса, біз ертең барамыз...

+0
06 ақпан 2013, 14:32

Ертен жиналыстан шыгып барайык баріміз???

+0
06 ақпан 2013, 15:11

Бірге барайық достар)

+0
06 ақпан 2013, 16:02

кеше билет беріп еді)

+0
06 ақпан 2013, 22:51

бұйырса, барамын! :)

+0
07 ақпан 2013, 11:32

барып көрмесем, маманы алып бармасам

+0
08 ақпан 2013, 18:33

Әуезов театрынан көңілім қалды! Соңғы кездері мұндағы барлық қойлымдардың деңгейі тым төмен болып кетті. Кешегі премьера да - қара шаңыраққа өте лайықсыз. Кімнің не ойлағанын түсінбедім! Бір құрбыма, оның құрбысына театрды мақтап, шақырып едім, біткенше кірерге тесік таппай отырдым... Өте өкінішті... Нұрлан Оразалин ғой деп әдемі дүние күті едім...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...