Астанаға атақты "Ла-Скала" театры ат басын бұрмақ

Астанаға атақты "Ла-Скала" театры ат басын бұрмақ

Биыл Астана қаласындағы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына әлемге әйгілі "Ла-Скала" мен "Мариинка" театрлары ат басын бұрмақ. Бұл жөнінде дүйсенбі күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті. 


"Астана қаласында мемлекеттік опера және балет театры өз жұмысын бастайды. Бұл жеңіл жұмыс емес, әрине. Театрдың бас директоры болып Төлеген Мұхамеджанов тағайындалған болатын. Биылғы жоспар бойынша, осы жылы тек театрда "Ла-Скала" мен "Мариинка" гастрольдік сапармен өнер көрсетіп үлгереді", - деді министр.

Театрдың бас директоры - Төлеген Мұхамеджанов 

"Ла-Скала" миландық опера театры 1778 жылы құрылған болатын. Санкт-Петербургтің "Мариинка" театрының да тамыры тереңде жатыр. 

"Ла-Скала" опера театры

Мариинка театры

Алғашқы ашылуынан-ақ әлемге аты жайылған театрларды қонақ ететін Астана қаласының "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры өз жұмысына кірісуге әзір тұр. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: artinfo.kz, weekend.ria.ru 

А. Әбілхан