Алматыда жаңа үлгідегі театр ашылады

Алматыда жаңа үлгідегі театр ашылады

Келер жылдың ақпан айында оңтүстік астанамызда өзінің  жаңашыл бағытымен қаланың ең үздік орындарының біріне айналуды көздеген ВТ театры ашылады. 

ВТ театрының өзіндік ерекшелігі жоқ емес. Театрдағы труппа тұрақты жұмыс жасамайды. Әр жобаға байланысты олар қайта тарап, қайта құрылып отырады. ВТ театрының ұйымдастырушылары түрлі идеялар мен бағыттарды бір-бірімен байланыстырып жаңа дүниені жарыққа шығарады. Театр Лондондағы өзіндік ерекшелігімен дараланып талай белді қойылымдарды дүниеге әкелген атақты Sadler’sWells театрының концепциясы үлгісінде жұмыс жасауда.

ВТ театры қала тұрғындары бос уақытын тиімді өткізуі үшін көрермен назарына ерекше қойылымдарды, түрлі тақырыптағы мәдени шараларды ұсынады. 

Жаңа театр Германия мен RADAEnterprises актерлерімен тығыз байланыста. Сонымен қатар, Лондонның драмалық өнер академиясы да жобаға қызығушылық танытып, серіктес болудан бас тартпайтынын айтуда. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: rusdramtheatre.ru

А. Әбілхан