Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Театр. Атақты театрлар

Театр. Атақты театрлар

Театр. Атақты театрлар

Дионис тәңірінің құрметіне табынған ежелгі гректер үлкен өнердің бастау алуына себепші болатындарын сірә, сол кезде білмеді. Көне грек театрының негізін қалған Еврипид, Софокл, Аристофан есімдері кез келген жанға таныс. XVI ғасырда Еуропада көпшіліктің көңілін көтеру мақсатында алғашқы театрлар салына бастады.

Бұл күндері театр үлкен мәдени ошаққа айналды. Қазіргі таңда кез келген мемлекетте бірнеше өнер ордалары тұрғызылған. Оның ішінде аты алты құрлыққа жайылған танымал театрлар бар.

Ковент-Гарден театры

Ковент-Гарден – Британия астанасы Лондонның белгілі ауданы. Танымал театрға аудан атауы берілген. 1732 жылы өз шымылдығын ашқан театр бірден танымал болып, Лондонның ең үздік өнер ордасына айналды. Ковент-Гарден 1808 және 1856 жылдары өртке оранды. 1858 жылы қазіргі ғимарат тұрғызылып, 1990 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.


Ла Скала театры

Италияның Милан қаласында орналасқан Ла Скала театры 1778 жылы 3 тамызда Антонио Сальеридің «Признанная Европа» операсымен ашылды. Театр сахнасында әйгілі өнер майталмандары Пуччини, Беллини, Верди, Росини операларының тұсауы кесілді. 2004 жылы театр үлкен күрделі жөндеуден кейін өз шымылдығын «Признанная Европа» операсымен ашты.


Гранд Опера театры

Париж қаласы Эйфель мұнарасымен ғана танымал емес. Франция елінің астанасында есімі көпшілікке белгілі Гранд Опера театры бой көтерген. 1669 жылы XIV Людовиктің келісімімен сазгер Камбер мен ақын Перрен театр негізін қалады. Ғасырлар бойы театр өз атауы мен мекен-жайын бірнеше мәрте өзгертті. 1875 жылы сәулетші Шарль Гарньенің жобасымен қаланың IX округінде театр ғимараты тұрғызылды. Орыс сазгері И.Стравинскийдің «Мавра» операсының тұсауы осы театрда кесілді. Қазіргі таңда Гранд Опера театрының атауы Гарнье Сарайы болып өзгертілді.


Үлкен театр

Мәскеу қаласында орналасқан Үлкен театр ғимараты 1780 жылы Неглинки жағасында салынған. Театр репертуарында балет пен итальян және орыс тіліндегі сықақ опералар болды. 1825 жылы театр жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Үлкен Театрда П.Чайковскийдің «Черевичек», «Мазепа», С.Рахманиннің «Алеко», «Скупой рыцарь» т.с.с танымал опералардың қойылымдары өткен. Театрдың жайлы тарихи деректер әлі күнге дейін ел аузында.


Вена операсы

Әлемнің ең үздік театрларының бірі Австрия астанасы Вена қаласында орналасқан өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылды. Театр ғимараты ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біраз қиратылды. 1955 жылы ғимарат қалпына келтіріліп, Бетховиннің «Фиделио» операсымен ашылды. Әр жыл сайын театрда 60-тан астам жаңа операның тұсауы кесіліп, театр жылдың 285 күні жұмыс істейді. Сондай-ақ, театр жыл сайын «Опера балын» ұйымдастырады.


Метрополитен Опера театры

Алып елдің Американың Нью-Йорк қаласында орналасқан Метрополитен Опера театры 1883 жылы Ш.Гуноның «Фауст» операсымен ашылды. Театр өнерінің ең жас корифейі Метрополитен Опера өз қызметін жеке және заңды тұлғалардың демеушілігімен ұйымдастырады. 1966 жылы театр Манхэттендегі Линкольн-центрге көшті. Театр сахнасында жылдың жеті айында күн сайын қойылымдар көрсетіледі.


Форумда талқылау

Суреттер samogo.net ғаламтор бетінен алынған

13415 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 10 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
14 ақпан 2012, 00:10

Театр адамды тәрбиелейді ғой.

+0
14 ақпан 2012, 00:13

Өмірдің өзі театр.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...