Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Испан театрының кассасында билет емес, сәбіз сатылуда

Испан театрының кассасында билет емес, сәбіз сатылуда

Испан театрының кассасында билет емес, сәбіз сатылуда

Бұл театр ұжымының жайдан-жай шығарып отырған жаңалығы емес. Оның өз салмақты себебі бар. Қандай дейсіз ғой? 

Испан театры ел билігінің мәдениет сала­сында қосымша құн салығын өсіруіне байланысты осылай жасап отыр. Кассада билет емес, сәбіз сатып жатқан олардың тірліктері әлемдік БАҚ-ты шулатуда. Алғаш бұл ақпаратты жергілікті La Vanguardia ба­сылымы хабар­лады. Театр өнерінің әртістері мен драматургтері мәдениет саласында қосымша құн салығының 21%-ға дейін өсуі жақсы­лықтың нышаны емес деп отыр. Оларды тыңдап, елеп жүрген үкімет жоқ. Театрсүйер қауым үшін кассадағы билет құнының көтерілуі айтарлықтай проблема болып отыр. Шаруасы нашар халық қалтасы көтермеген соң амалсыз театрға бас сұғуды қояды. Ал бұл әрекет ел мәдениетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Осының бәрін ескерген театр ұжымы кассада сәбіз сатуға көшкен.

Әйткенмен бұл бастама қолдаусыз қалып та жатқан жоқ. Билет орнына сәбіз сату арқылы наразылық танытып жатқан театр ұжымын Бес­кано қаласы­ның мэрі қолдап отыр. Сәбіз сатып алып театрға кірген адамдар алғашқы күні залды толтырған. Ал сыртта "Сәбіз таусылды" деген жазу тұрған.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: upmonitor.ru

2604 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 қараша 2012, 12:35
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 14:05

:( қиын екен

+0
14 қараша 2012, 15:03

Сұмдық қой мынау

+0
14 қараша 2012, 16:28

Сәбіз сатып алып, театрға кіреді. Сосын койылымның ортасында қарны ашып жатса, пакеттегі сәбізді алып ғырт-ғырт етіп жеееееееееееп отырады рахат. (Әзіл). Әрине, театр әртістері бұл шараға амалсыздан барып отыр ғой

+0
14 қараша 2012, 18:20

ал грек театрлары билетті ақшаға емес, азық-түлікке айырбастаған еді... Күйсіздің жағдайына қарасқаны ғой... Ал мұнда басқа себептер...

+0
15 қараша 2012, 10:22

сөйлемдерім жақсылап өзгертілген. бірақ ұстап беретін бір жері бар. "бұл ақпаратты жергілікті La Vanguardia ба­сылымы хабар­лады" деп сілтеме жасаған мен едім. негізі бұл ақпаратты басқа да басылымдар хабарлаған. "жергілікті" деп қосқан да мен, жергілікті болмауы да мумкін)))) "сәбіз таусылды" деген де менің аудармам

+0
15 қараша 2012, 11:19

Мен сізден алғам жоқ! "Кемедегілердің жаны бір". Сіз де, мен де орыстың сайттарынан көшіріп отырмыз. Сондықтан менен көшірді деуге қақыңыз да жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...