Әуезов театрына жаңа басшы тағайындалды

Әуезов театрына жаңа басшы тағайындалды
Фото: auezov-theatre.kz

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды. Әкемтеатр ұжымына жаңа директорды вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды.

Сәбит Әбдіқалықов бұған дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Директоры қызметін атқарған болатын.

Әбдіхалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы 1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген. 1992-1996 жылдары «театр және кино актері» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын) бітірген. 2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған. 2013-2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды.

Еңбек жолы:
• 1996 – 1999 ж.ж. “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актеры;
• 1999 – 2003 ж.ж. “Тамаша” сатира театрының актеры;
• 2003 ж. “Мафия  мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актеры;
• 2006 – 2007 ж.ж. “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі;
• 2008 – 2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі;
• 2008 – 2011 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушы;
• 2012 – 2013 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы;
• 2013 ж. ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры;
• 2013 ж. Қазақстан эстрада әртістер одағының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басшысы.

Марапаттары:
• 2000 ж. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты;
• 2008 ж. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
• 2017 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

А. Оралқызы